«Өтемақыны төлесін!»: Алматыда қастандықпен өлтірілген күзетшінің жесірі дабыл қақты
Фото: ашық дереккөз
Былтыр Алматыдағы «Меркур Таун» ТҮК тұрғыны кешен күзетшісі Нұрбол Қайыпбаевты аса қатыгездікпен өлтірген болатын. Ол ер адамды көлігімен бірнеше рет қағып, кейін ұрып-соққан еді. Енді марқұмның жесірі Әсем Молдахунова біздің редакциямызға хабарласып, қылмыскер уәде еткен өтемақыны бермей жүргенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Осыдан бір жыл бұрын жолдасым Кайыпбаев Нұрбол Көптілеуұлын қастандықпен, жауыздықпен өлтірген Тастандиев Асқар Саламгазыевич сот үкімімен шешілген моральдық өтемақыны төлеймін деп уәдесін берген еді. Сот барысында «төленеді» деген шешім шыққан болатын. Енді А. С. Тастандиев «төлемеймін» деп бас тартып отыр, - дейді Әсем Молдахунова JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігіне.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Экс-депутаттың ұлы»: Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды
Алматыда өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша ұсынған
Еске сала кетейік, оқиғадан соң күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмған болатын.

(Фото: отбасылық архивтен)
Қайғылы оқиғаның бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, «Джип» мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп, оны жұдырықтай бастағанын көруге болады.
Балаларым кәмелет жасқа толмаған. Үшеуі де мектепте оқиды. Жолдасымды аяусыз, жауыздықпен бір-ақ сәтте жоқ қылды, - дейді ашынған ана.
Пікірлер (16)
Төлемақы төленсін. Уәдесінде турсын, баспен істеген қылмысын мойынмен көтерсін.
Істеген ісіне жауап берсің, артта қалғаң бала шағасына өтем ақысың төлеп берсің..
Адам өмірі ойыншық емес, оның қандай қақысы бар алуға , істеген ісіне жауабын алсын . Алладан қорықпаған адамғой
Айтқаның сөзінде тұрып ,зардап шеккен отбасыға тиесілі өтемақысын төлеп беруін талап етеміз
Істеген ісіне жауап берсін төлейтін өтем ақысын төлеп берсін
Өтем ақы төлесін, істеген ісін мойнымен көтерсін. 3 баласы бар мектепте оқыиды.Қазіргі заманда жалғыз басты айел адамға баларын бағып асырау өте қыйын .
Қайта соттау керек ондайларды өмірбоиына сосын көрсін төлемей
Айттыма сөзіне тұрсын. Өтем ақысын төлесін.
Айттыма сөзіне тұрсын. Өтем ақысын төлесін.
Айттыма сөзіне тұрсын. Өтем ақысын төлесін.
Адам баласының өмірін алу оңай иә! Бұл жағдай жауапсыз қалмауы керек. Айттыма уәдесіне тұру өз сөзі . Ата-анасы жақындары өстем ақысын төлесін.
Адам баласының өмірін алу оңай иә! Бұл жағдай жауапсыз қалмауы керек. Айттыма уәдесіне тұру өз сөзі . Ата-анасы жақындары өстем ақысын төлесін.
Адам баласының өмірін алу оңай иә! Бұл жағдай жауапсыз қалмауы керек. Айттыма уәдесіне тұру өз сөзі . Ата-анасы жақындары өстем ақысын төлесін. Керек болса өмір бақи төлеседе қалпына келтіре алмайды. Сол үшін айттыма істесін. Істей алмай ма құр бос сөз өтірік жаудырмасын ондайлар толып артып жатыр.
Мемлекет тарабынан сурарым жетім жесірді жылатпа тиесілы өтем ақысын қылмыскер өтеп беруін сураимыз
Дұрыс!!! Алла бәрін көріп тұр. Айтқан уәдесін орындасын !!!
Жауап берсін отемакы толенсын айелыне балаларына берілсін