«Жойып жібереміз!»: Трамп Иран билігіне сес көрсетті
Фото: BBC
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын жалғастырса, елге әскери соққы беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Иран мұрағаттарында қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған — Президент
Иранның архивінен қазақ тарихына қатысты құнды деректер табылды
Ол Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарын бақылауға алмаса, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмайтынын атап өтті.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи уранды бейбіт мақсатта байытуды жалғастыра беретінін хабарлады. Бұл мәлімдеме маусым айында Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыстан кейін АҚШ араласуымен жасалған бітімге қарама-қайшы болып тұр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстан мен Иранның қандай келісім жасағаны белгілі болды
Тоқаев Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың болашағы өте зор екенін айтты
Иран өз бағдарламасын қайта бастай алады. Бірақ егер келісімге келмей, ядролық жобасын қайта іске қосса, біз оны толық жоямыз. Олардың зымырандарын да тез жойуға дайынбыз, - деді Трамп.
Пікірлер (0)