Павлодар облысында газ баллоны жарылып, үш адам ауруханаға түсті

Жаңалықтар
view 17
news

Фото: iStockphoto

Ақсу қаласындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты. Жарақат алған үш адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Irbistv мәлімдеуінше, Жамбыл көшесінде орналасқан жеке үйде сыйымдылығы 10 литрлік газ баллоны жарылған. Дәлізде шыққан өрт кейін үйдің ағаш шатырын шарпыған.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 9 маман мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. 1970 және 1972 жылғы екі әйел түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алып, Ақсу қалалық ауруханасына түскен, 32 жастағы ер адамның қолы тілінген.

Оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *