ШҚО-да кәріз құдығын тазалап жатқан үш жұмысшы уланып қалды
Жаңалықтар
30
Фото: ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында кәріз құдығын тазалап жатқан үш жұмысшы газдан уланып қалған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шеккенді шығарды.
Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханада жатыр.
Пікірлер (0)