Путин соғысқа дейін Украинадан Донецк пен Луганскіні талап еткенін мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден
«Егер Киев 2022 жылы Донецк және Луганск халық республикаларының (Кремль құрған сепаратистік режимдер.) аумағынан кетуге келіскен болса, ұрыс қимылдарының алдын алуға болар еді». Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
"Келіссөздер СВО басталғаннан кейін бірден басталды. Бастапқыда біз сол кездегі украиналық басшылыққа: ДХР мен ЛХР-дағы адамдар Украинаның құрамында болғысы келмейді, сол жерден кетіңдер, бәрі де осымен аяқталады дедік", - деді Ресей көшбасшысы.
Оның айтуынша, солай болған кезде «ешқандай ұрыс қимылы, ешқандай соғыс» болмас еді, бірақ Киев: «Жоқ, соғысамыз» деп шешті. «Дегенмен, келіссөздерге бірден келістік - бұл 2022 жылдың ақпан айының соңында болатын», - деп атап өтті Путин.
Пікірлер (0)