Қайрат Нұртас жеке концертін Telegram арқылы тікелей эфирде көрсетпек (ВИДЕО)
Жаңалықтар
131
Сурет: Ашық дереккөзден
Белілі әнші Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жеке концертіне қатысты видео жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Ол Астанада өтетін жеке концертін Телеграм желісі арқылы тікелей эфирде көрсету ойында бар екенін айтты.

«Ассалаумағалейкүм, менің сүйікті тыңдармандарым! 7-шілде күні Астана қаласында өтетін жеке ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар? Себебі, шет елдерден де тыңдармандарым өте көп. Бәрі көргісі келеді деп ойлаймын. Иә немесе жоқ деген жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар сол болады», - деп жазды әнші.
Пікірлер (0)