Қанат Саудабаев Назарбаев туралы ел білмейтін шындықты айтты
Фотосурет интернеттен
Кеңес одағы құлаған тұста Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту шешімінің артында тарихи әрі құпия келіссөздер болғаны белгілі болды. Бұл туралы бұрынғы Сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы болған Қанат Саудабаев айтып берді, деп жазадыJANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Саудабаевтың айтуынша, 90-жылдардың басында Мұаммар Қаддафи бастаған ислам әлемінің бірқатар ықпалды басшылары Әбішұлына «ядролық қаруды сақтап қалыңдар» деп өтініш білдірген.
Олар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «алғашқы мұсылмандық ядролық держава» атануға шақырып, барлық қаржылық шығындарды толықтай өз мойнына алатынын уәде еткен.
«Алматы әуежайына долларға толы Boeing 747 қонған кез болды. Қаддафи елшісі арқылы жеткізген ұсынысы қарапайым әрі нақты еді: ядролық қарудан бас тартпай, керісінше оны сақтап қалса, барлық шығындарды көтеруге дайынбыз деп отырды», – деді Саудабаев сұхбатында.
Алайда Назарбаев Батыс елдері мен Ресейдің қысымына төтеп бере алмай, Қазақстан ядролық арсеналынан толықтай бас тартқан.
Сол тарихи кезеңде Қазақстан аумағында 1000-нан астам ядролық оқтұмсық болған. Бұл әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірі еді.
«Егер сол кезде Қазақстан қарудан бас тартпағанда, бүгінгі әлемдік тәртіп қандай боларын кім білсін», – деп түйіндеді Саудабаев.


Пікірлер (0)