Қазақстанда ресейлік телеарналардың хабар таратуы тоқтатылды
Фото: freepik.com
Көктем басталғалы бері Қазақстандағы ақылы теледидар операторларының бірі — «Алма ТВ» қызметін пайдаланатын көрермендер үйреншікті телеарналардың көрсетілмей қалғанына тап болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Orda.kz тілшісі компанияның не себепті цифрлық телеарналар топтамасының хабар таратуын тоқтатқанын анықтады.
2026 жылғы 28 ақпаннан бастап компания бір топқа кіретін барлық ресейлік телеарналардың ретрансляциясын тоқтатты. Қазір хабар тарату желісінен мына арналар алынып тасталды:
«Первый канал. Всемирная сеть»
«Музыка первого»
«Время далёкое и близкое»
«O»
«Карусель»
«Дом кино»
«Дом кино Премиум»
«Бобёр»
«Поехали»
«Победа»
«Телекафе»
«Ланки Live»
Компанияның мәлімдеуінше, бұған хабар таратуға құқық иесінен берілген уақытша рұқсаттың мерзімі аяқталуы себеп болған.
Оператордың айтуынша, оның орнына балама премиум телеарналар дайындалған. Кол-орталық қызметкерлерінің тұтынушыларға берген жауабына сәйкес, компания шетелдік телеарналар өкілдерінің қарсы шешімін күтіп отыр. Егер келісім жасалса, ынтымақтастық қайта жалғасуы мүмкін.
Сонымен қатар, тұтынушылардың айтуынша, басқа да операторлардың эфир желісінен «Первый канал», НТВ және өзге де арналар жоғалып кеткен. Олардың орнына тек жеке жазылым арқылы қосымша ақы төлеп көруге болатын арналар енгізілген.
Пікірлер (0)