«Қазақстандықтардың несиесі кешіріледі»: агенттік мәлімдеме жасады
Фотосурет: Getty Images
Ақпарат кеңістігінде «Қазақстандықтардың несиесі кешіріледі» деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеп, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан екінші деңгейдегі банктердегі несиелердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген», - делінген ресми хабарламада.
Пікірлер (0)