Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 8 жылға ұзарды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 1991 жылдан бері қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қалай өзгергені туралы мәлімдедідеп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 75,97 жасқа жеткен. Бұл – тәуелсіз ел тарихындағы абсолютті көрсеткіш.

1991 жылы өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жас болған (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23). Осылайша, отыз бес жыл ішінде Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты, – делінген хабарламада.

Бұл көрсеткішке бірнеше фактор әсер етіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жұқпалы емес аурулармен күрес шараларын күшейген.

Еске салайық, бұған дейін құзырлы министрлік Қазақстандағы әрбір бесінші өлім инфекциялармен байланысты емес екенін және бұл үлестің өсіп келе жатқанын айтқан болатын. Бүгінде негізгі қауіп өмір салтына тікелей байланысты аурулардан туындап отыр.

Жұқпалы емес аурулардың үлесіне барлық өлім жағдайларының шамамен 80 пайызы тиесілі. Негізгі себептер – жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары және қант диабеті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *