Сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды - прокуратура
Фотосурет: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жақсылық Омарға қатысты үкімді түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Жақсылық Омардың іс-әрекеті сыбайлас жемқорлық санатына жатады. Айыптау тарапы іс қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескеріп, заңда қарастырылған ең жоғары жазаны сұраған.
Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарға рақымшылық және мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайды, - деді прокуратура өкілі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2026 жылы 13 ақпанда әлеуметтік желіде Жақсылық Омар ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Сол кезде өңірлік әкімдік мұндай мәлімет жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ әкімдік "әкімнің орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын" хабарлады.
Пікірлер (0)