«Қазақтарды қалай басқару керек?» кітабының авторына буллинг жасалған
Сурет: Ашық дереккөзден
"Қазақтарды қалай басқару керек?" кітабының авторы Бақытжан Бұқарбай кітапқа байланысты шу шыққалы оны "бауыздаймыз" деп қорқытқандар барын айтты. Бұл туралы ол «Airan» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды janabastau.kz.
«Жеке басыма қатысты, отбасыма қатысты қоқан-лоққы жасалды. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген қоқан-лоққы болды. Бот бар, әдейі жазғандар болуы мүмкін деп әлеуметтік желідегі парақшамда видео жариялап қойдым. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген кез келген жағдай да бұл артық әңгіме. Бұған отбасымның қатысы жоқ дегендей. Мәлімдемені жариялағаннан кейін қала басшылығы үйіме патруль қойып қойды. Жеке өзіме арнайы хабарласап, «кездесейік» деген ешкім болған жоқ», — деді баспагер.
Пікірлер (0)