Қоғам белсендісі Бекболатты «арабқұл» дегендерге шүйлікті
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі қоғам белсендісі Арман Бердалин Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты өткір мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіні шулатты. Ол ұлттық өнер өкілдеріне тағылған сын мен шетелдік шоу-бизнеске көрсетілген құрметті салыстыра отырып, өз ұстанымын білдірді. Сондай-ақ, Бекболатты «арабқұл» дегендерге шүйлікті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Абайды бастан ұрып, Біржанды байлап, Бекболатты бездірген елдің сахнасына Джей Ло деген жалаңаш қатын шықпағанда, кім шығады?! Бес ғасырыңды жырлап берген Бекеңе "арабқұл" деп ат қойып, айдар таққандар жалаңаш қатынның концертіне барған 25 мың адамды кімнің құлы дейді екен?» – деді Бердалин ашына.
Жазбада ол Бекболат Тілеухан сынды дәстүрлі өнердің көрнекті өкіліне тіл тигізіп, оны қорлағандарды сынға алып, Джей Ло-ның сахнаға шығуын қоғамдағы рухани құлдыраудың көрінісі ретінде бағалады.
Арман Бердалиннің бұл пікірі бірден қоғамның назарын аударып, әлеуметтік желіде пікірталас тудырды. Бірі оның ойымен келіссе, енді бірі ашық қоғамда әркімнің талғамы мен таңдауы болатынын алға тартты.
Ұлттық құндылық пен батыстық мәдениет арасындағы пікір қайшылығы тағы да қызу талқылануда.
Пікірлер (0)