Қосшы қаласының отбасы облыстық сайыста үздік атанды
Фотосурет: дереккөз
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты отбасы» атты облыстық отбасылық эстафета өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Көкшетау қаласында ұйымдастырылған жарысқа облыстың аудан-қалаларынан келген белсенді әрі үлгілі отбасылар қатысып, өзара бақ сынады. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу және отбасы мүшелері арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайту.
Облыстық сайыста Қосшы қаласының намысын қорғаған “Жігер” командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, барлық кезеңнен сүрінбей өтті.
Команда құрамында әкесі – Умурбеков Нұрмұхамед Мыңжасарұлы, анасы – Турганбаева Индира Абдимомыновна және баласы – Мыңжасар Әбдінұр Нұрмұхамедұлы болды. Отбасы мүшелерінің ұйымшылдығы, белсенділігі мен жеңіске деген жігері нәтижесінде “Жігер” командасы жүлделі І орынды иеленіп, Қосшы қаласының мерейін үстем етті.
Мұндай тағылымды шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы ынтымақ пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосады.
Пікірлер (0)