Қосшының өсіп-өркендеуіне куә болып келемін

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: дереккөз

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Қосшы қаласының 5 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бес жыл – тарих үшін қысқа мерзім болғанмен, Қосшы үшін толайым табыстар мен серпінді дамудың жарқын кезеңі. Бүгінде қаламыздың келбеті күн сайын көркейіп, әлеуметтік инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындарының саны артып, болашағына деген сенім нығая түсуде.

Бұл – елдік мүддеге қызмет еткен ортақ еңбектің, ауызбірлік пен жасампаздықтың жемісі. Өткенін құрметтеген елдің ғана келешегі кемел болмақ. Осы жолда Қосшы қаласының Ардагерлер кеңесі де қоғамдық келісімді нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосып келеді.

Бүгінде кеңес құрамында 200-ге жуық ардагер бар. Республикалық деңгейде танылған екі өнер ансамблінің ел мәдениетін насихаттап жүргені – ардагерлеріміздің өміршең белсенділігі мен қоғам өміріне қосып отырған сүбелі үлесінің айқын көрінісі. Он жылдан аса уақыт осы кеңеске жетекшілік етіп, Қосшының бүгінгі өсіп-өркендеуіне куә болып келемін. Қаламыздың әрбір жетістігін тұрғындардың ынтымағы мен адал еңбегінің нәтижесі деп білемін.

Қосшының мерейі асқақтап, өркендеуі жалғаса берсін! Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, жастарымызға жарқын болашақ, қаламызға тұрақты өсім мен толайым табыс тілеймін.

Қабділбар АБАҚОВ,

Қосшы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *