«Қосылыңдар деп айтпаңыздар!»: Нұрсұлтан Жақсыгереннің экс-жұбайы күйеуімен қайта қосылғысы келмейтінін айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы өзінен кешірім сұраған күйеуіне қосыла алмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Фариза Алмасқызы көпшілікке ақыл айтпауға кеңес берді.
”Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім. Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегін жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз! Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде 1 жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық пабликке шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады”,- деп жазды Фариза Алмазқызы.
Пікірлер (0)