Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең деп есептеймін.

Пікір
view 5
news

Фото: Жекк мұрағаттан

Құрылтай сайлауы арқылы әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіреді. Қазіргі таңда қоғамда түрлі мәселелер көтеріліп, халықтың талап-тілегі мен ұсыныстарына үлкен мән беріліп келеді. Осындай кезде елдің алдағы бағытын айқындайтын саяси үдерістерге әр азаматтың белсенді қатысуы маңызды.

Менің ойымша, сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, ол ел алдындағы жауапкершілікті сезіну. Әр адамның таңдауы маңызды. Сондықтан сайлаушылар кандидаттар мен саяси күштердің бағдарламаларымен танысып, олардың ел дамуына қатысты ұстанымдарына мән беріп, саналы түрде таңдау жасауы керек.

Еліміздің болашағы тұрақтылық пен бірлікке, халықтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауы қоғам үшін маңызды мүмкіндік деп ойлаймын.

Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ибраев Шохан Саматұлы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *