Шынықсаң шымыр боласын
Спорт
89
Алғаш рет еркін күрес1904 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан бері өтіп келеді. 1956 жылы өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болған. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған.
Бұл дүниежүзі халықтарының күрес түрлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырнын кілемге тигізіп таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болған.
Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 жылы, ал Әлем чемпионаты 1951 жылдан бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі. Бүгінгі күні халық арасында күреске деген қызығушылығы жоқ адам кемде-кем.
Шығармашылықты қаржыландыру жобасы аясында Қосшы қаласында өте жақсы үйірмелер жұмыс істеп жатыр.
Қаламызда еркін күрес үйірмесіне 200 жуық бала барып жүр.
Бұл үйірменің жетекшісі – Рақымжанов Қайрат Жақыпұлы. Жас ерекшеліктері 5 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектерге төрт жаттықтырушы күрестің қыр-сырын үйретеді.Алдағы уақытта қаламыздың бұл үйірмеге қатысып жүрген жеткіншектер талай жүлделі орындар алатынына кәміл сенеміз.
Пікірлер (0)