Ақмола облысының мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Спорт
view 114
news

12 мауыс күні Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. Спорттық шараға Қосшы қаласының да мемлекеттік қызметшілері қатысып қайтты. Жүзу бойынша жекелей жарыста Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы екінші орын иеленіп, күміс медаль алды. «Бурабай» спорт кешенінде өткен жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллин қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Жеңімпаздарға диплом, медаль және кубоктар берілді. Дархан Хайруллин өзінің құттықтау сөзінде спортпен шұғылданудың мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды екенін айта келіп, салауатты өмір салтын ұстануға, спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, еліміздің спорт саласын дамытуға үлес қосуға шақырды. Спартакиада қорытындысы бойынша: Қазақ күресі: І орын - Астрахан ауданы ІІ орын - Атбасар ауданы ІІІ орын - Бұланды ауданы Тоғызқұмалақ: І орын - Жарқайың ауданы ІІ орын - Сандықтау ауданы ІІІ орын - Біржан сал ауданы Бильярд: І орын - Шортанды ауданы ІІ орын - Жақсы ауданы ІІІ орын - Жарқайың ауданы Үстел теннисі: І орын - Астрахан ауданы ІІ орын - Зеренді ауданы ІІІ орын - Шортанды ауданы Жүзу: І орын - Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ІІ орын - Сандықтау ауданы ІІІ орын - Көкшетау қаласы Шағын футбол: І орын - Көкшетау қаласы ІІ орын - Есіл ауданы ІІІ орын - Аршалы ауданы Волейбол: І орын - Көкшетау қаласы ІІ орын - Зеренді ауданы ІІІ орын - Сандықтау ауданы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *