Қазақ балуандары Grand Slam жарысына қатысады

Спорт
view 91
news

Жудодан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтетін рейтингтік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. Аталған әлемдік бәсеке 24 маусым күні басталады. Ерлер ұлттық құрамасынан – 13, ал әйелдер командасынан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. Ерлер: Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі). Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі). Айта кетсек, аталған жарыс Халықаралық жудо федерациясының күнтізбесінде 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай үлестірілетін алғашқы рейтингтік жарыс болмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *