Ел қоржынында екі медаль – Азия чемпионаты

Спорт
view 114
news

Отандастарымыз Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан гимнастика федерациясы мәлімдеді.

Нариман Құрбанов ат снарядында 14.800 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Милад Карими кермедегі жаттығудан 14.133 балл жинап, қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар Азия чемпионатында қазақстандық арулар да жақсы өнер көрсетті. Қол тіреп секіруде Дарья Ясинская төртінші, ал Көркем Ербосынқызы алтыншы орынға табан тіреді.

Осылайша, спорттық гимнастикадан ел құрамасы биыл 28 қазан – 6 қараша аралығында Ливерпульда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *