"Ulaanbaatar 2022" Grand Slam. Әбиба Абужақынова қола медаль алды

Спорт
view 80
news

Judo-дан Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Париж олимпиадасына ұпай беретін алғашқы "Ulaanbaatar 2022" Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде Қазақстан намысын 5 Judo-шы қорғап 48 келіде Әбиба Абужақынова қола медаль алды. 48 келіде Абиба Абужақынова алғашқы айналымда Түрікменстан қызын ұтып, екінші айналымда фовариттердің бірі израильдық Шира Ришониді вазари ұпаймен жығып ширек финалға шыққан. Ширек финалда Оңтүстік Африка спортшысын ұтып, жартылай финалда Моңғол қызы Ганбаатар Наранцэцэгке жол берді. Қола үшін белдесуде IJF атынан өнер көрсеткен Сабина Гилиязовадан басым түсті. 60 келіде Бауыржан Нарбаев алғашқы айналымда бос болып екінші айналымда жапонның мықтысы Риужи Нагаиамаға жол берді. 66 келіде Қанат Сейілхан алғашқы айналымда Түрікменстан балуанын ұтқанмен екінші айналымда Кореялық Лиден ұтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *