«Рекорд»: 7 жасар отандасымыз әлем чемпионы атанды
Спорт
198
Панама астанасында өтіп жатқан шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионатында жеті жасар отандасымыз Малика Зиядин жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында білім алып жатқан жас шахматшы бірден екі атақты жеңіп алды: чемпион және жеті жасқа дейінгі шахматтан әлем чемпионы. Мұндай оқиға Қазақстан шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.
Турнирге барлығы 36 жас шахматшы қатысып, әр спортшы тоғыз ойыннан ойнады. Чемпионат нәтижесінде Малика АҚШ-тан келген қарсыласы Гоэл Рабенді ұтып, ең көп 9 ұпаймен жеңіске жетті.
Әлем чемпионына қазақ шахматшысы әрі халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік жылы лебізін арнады.
ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді ел Президенті де құттықтады.

«Мен Маликаны, ата-аналарды және жаттықтырушыларды осындай керемет жетістігімен құттықтағым келеді! Жерлестерімнің әр жеңісі үшін қуанамын және осыдан соң шахматты одан әрі дамытып, елімізді көрсеткім келеді. Себебі, бізде потенциал бар», – деді ол.

«Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін, – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.
Пікірлер (1)
You actually said that exceptionally well. meilleur casino en ligne Seriously tons of amazing facts. casino en ligne This is nicely said. ! casino en ligne Kudos, Lots of material. casino en ligne Thank you! I like it. casino en ligne France This is nicely said. . casino en ligne Thanks a lot! Terrific stuff. casino en ligne Thank you, Lots of stuff! casino en ligne This is nicely said. ! casino en ligne France Thanks! I appreciate it! casino en ligne France