Сколиоз және тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және мектеп жиһаздары мен рюкзактарына қойылатын талаптар
Жаңалықтар
185
Сурет: Ашық дереккөз
Тірек-қимыл аппаратының аурулары ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады, ал мектепте оқыған жылдары тірек – қимыл аппараты бұзылған балалардың саны 5 есе артады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді.
Спикердің айтуынша, жиһазды баланың жасына және бойына сәйкес таңдау өте маңызды.
Орындықта шетіне жақын отыру керек, шынтақтарды шынтақ сүйенішішіне қою, тізелерді тік бұрыш бойынша бүгу, арқаны тік ұстау, көзден үстелге дейінгі қашықтық кемінде 30 сантиметр болуы керек.
Рюкзакты оқу жылы басталмас бұрын сатып алу маңызды. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе оның сапасына байланысты, ауыр рюкзакты кию қалыптың дұрыс қалыптаспауының негізгі себептердің бірі болып табылады», -деп атап өтті Айнагүл Мусина.
Сонымен қатар, сатып алу кезінде міндетті түрде төменде көрсетілген белгілерге назар аудару маңызды:
- «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР) сәйкес:
-Таңбалау. Балаға арналған өнімде міндетті түрде таңбалау болуы керек: ақпаратқа сай, тексерілетін, оқылатын және қол жетімді. Оқушыларға арналған иыққа салатын сөмкелеріндегі, портфельдеріндегі және рюкзаттарындағы таңбалауда пайдаланушының жасы туралы ақпарат, мысалы: «мектеп», жасы: 6+ және т.б. болуы тиіс
-Салмақ. Сөмкелердің, портфельдердің немесе рюкзактардың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 г, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс. Егер сіз балаға қажет болғаннан ауыр сөмке сатып алсаңыз, кітаптар мен дәптерлер бар сөмкенің жалпы салмағы ұсынылған белгіден аспайтынына көз жеткізіңіз. Мысалы, бірінші сынып оқушысы үшін – 2,2 кг (есептік – 700 г рюкзак + 1,5 кг кітап), түлек үшін – 5 кг (1 кг рюкзак + 4 кг оқулықтар мен дәптерлер) қажет.
- Рюкзактың арқасы, рюкзак пен белдіктердің өлшемі.
Төменгі сынып оқушысына арналған рюкзактың арқасы формаға төзімді, қатты, майыспайтын болуы тиіс. Бастауыш сынып оқушысына арналған рюкзак мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: рюкзактың артқы жағының ұзындығы: 3-3,6 см, алдыңғы жақтың биіктігі: 2,2–2,6 см, ені: 6-10 см. Өлшемдерін 3 см-ден асырмай ұзартуға жол беріледі. Иық белдіктерінің астары желдетілетін матадан жасалуы тиіс. Белдіктер мықты бекітіліп, ұзындығы бойынша реттелуі маңызды. Белдіктердің бірінде жеке бөлікке ажырату болуы керек, соның арқасында рюкзакты кию және шешу оңай болады, ал белдіктің ұзындығын реттеуге арналған ілгектер немесе басқа құрылғылар рюкзактың түбіне бекітіліп, бала жарақат алмауы және киімін жыртып алмауы керек. Дұрыс мектеп рюкзактары пішінге төзімді болуы керек, оқушының арқасына мүмкіндігінше сәйкес келуі және салмақты иыққа, белге және жамбасқа біркелкі орналасуы тиіс. Егер бала бастауыш мектепте оқитын болса, ортопедиялық арқасы бар рюкзактарға артықшылық беру керек;
- Жарық шағылыстырғыш элементтердің болуы.
Оқушыларға арналған портфельдер мен сөмкелерде алдыңғы, бүйір беттерде және жоғарғы клапандарда шағылыстырғыш элементтері бар бөлшектер және (немесе) керек-жарақтар болуы және қарама-қарсы түстердің материалдарынан жасалуы керек.
«Балаларыңызға спортпен айналысуға ықпал етіңіз. Кез-келген физикалық белсенділік тірек-қимыл аппаратының, бұлшықеттердің және ішкі ағзалардың дамуына оң әсер етеді.
Есіңізде болсын, сколиоздың алдын-алу әсіресе ерте жастан бастап белсенді өсу кезеңінде тиімді.
Сондықтан баланы бала кезінен спортпен шұғылдануға дағдыландыру, оны бүкірейіп жүру әдетінен айыру, ағзаға шамадан тыс жүктеме көтеруге жол бермеу керек!», - деп сөзін қорытындылады облыстың бас санитариялық дәрігері.
Пікірлер (0)