Су тасқыны: Egov-та онлайн-трансляция іске қосылды
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми өкілі Альбина Әтен мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Оның айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Sergek Group компаниясымен бірлесіп, GOV.KZ сайтында су тасқынына қарсы іс-шаралады көрсететін онлайн-трансляцияны іске қосылған.
Қазақстандықтар онлайн-трансляция арқылы су тасқынына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы жағдайды көре алады.
Министрлік eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауға арналған сервисті іске қосты. Қызмет су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысы, Қостанай облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы арызды оңай әрі ыңғайлы бере алады. Бұл қызметті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі, - деді ресми өкіл.
Astana Hub-та өз кезегінде су тасқынына байланысты іс-шараларды қолға алған.
IT-қауымдастығы да бұл жағдайда шет қалмайды және қаржылық жағынан да, дрондар арқылы гуманитарлық көмекті жеткізу арқылы да барлық мүмкіндікті жасайды. Осылайша, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімдерді жинап, оларды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарауға жіберді. Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсын Қазақстандағы су тасқынына қарсы көмек көрсету үшін автономды дрондарын ұсынады. Технопаркпен серіктестік аясында ARC Drones медициналық материалдарды, гуманитарлық көмекті, азық-түлікті және басқа да шұғыл тауарларды шалғай және жету қиын аймақтарға тиімді жеткізу үшін үш ұшқышсыз дрондар қолданылады, - деді спикер.
Айтылған дрондар бүгін елімізге келеді. Олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүкті жеткізуді жоспарлап отыр.
Пікірлер (0)