Дәстүр қайда барасың?
Жаңалықтар
702
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дейді. "Ашық пікір" айдарымызға дәстүр жайлы желіде жазба қалдырған Сәкен Ділдахметтің пікірін ұсынамыз.
Сыныптастардың чатын ашып едім, ішінде үлкен талқылау болып жатыр. Әңгіменің басы қайда екен деп, жоғары қарай смстерді жылжыта бастадым. Сөйтсем, сыныптас Света (аты өзгертілді) барлығымызды Таразға ұзату тойына шақырып жатыр. Енді анау ағылып жатқан сөздердің ішінде құттықтаудан гөрі, қалжыңы көп. 20 шақты адамның ішінде 1-2 бойдақ қана бармыз. Қалғандары үйлі-баранды.
Сол әлгі Светамыз үшінші рет ұзатылып, мейрамханада той жасамақшы. Таразда той 200-300 адамсыз өтпейді. Соңғы жеті жылда сыныптасымыздың екі рет ұзату тойында болдық. Екінші рет ұзату тойын жасағанда таң қалып едік. Қазіргісіне дым эмоция жоқ.
Айтайын дегенім, қазақта бір ұзатылған қызға қайтадан той жасалмайды. Жұбы жараспай, екінші рет тұрмыс құрса, үйінен ата-анасының батасын алып әкететін. Бізге үлкендер осылай айтатын.
Қазіргі қазақтар дәстүрге мән беруді қойған секілді. Үшінші рет ұзату тойы жасалып жатқан сыныптасымды түсінбедік. Иә, бақыт дейміз, қуаныш дейміз. Бірақ, дәстүр ше, ағайын ше, соған ақша жұмсап жатқан ата-атаң ше?
Әркім сөзі біледі ғой деп айтатын шығарсыздар, бірақ әр нәрсе өз орнымен болу керек қой. Тойдың да қадірі кетті,-дейді белсенді.
Айта кетейік дәстүрдің қазақ ұлты үшін қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор.
Пікірлер (0)