Шымкенттік ерлі-зайыптының істеген ісі елдің жағасын ұстатты

Жаңалықтар
view 287
news

Фото: freepik

Шымкент қаласында ерлі-зайыпты суррогаттық алкоголь өнімдерін жасырын цехта өндіріп келген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Тергеу барысында 2022 жылдан бастап ерлі-зайыпты Қарсеновтар қолдан жасалған акциздік марка мен этил спиртін пайдаланып, заңсыз алкоголь өнімдерін өндірген.

Алкоголь өнімдері Шымкент қаласында ғана емес, сондай-ақ көршілес Түркістан және Жамбыл облыстарында да сатылған.

Тінту барысында 9 мың литрден астам этил спирті, 24 мыңнан астам жалған акциз маркалары, әртүрлі маркалы дайын алкоголь өнімдері және 75 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіленді.

Ерлі-зайыпты жасырын цех арқылы 309 млн теңгеден астам сомада пайда тапқан.

«Сот үкімімен аталған тұлғалар заңсыз кәсіпкерлік (ҚК 214-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы), акцизделетін тауарлардың таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу (ҚК 233-бабының 2-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (ҚК 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылды», деп хабарлады ҚМА.

Сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *