Талғарда тағы бір жантүршігерлік оқиға: жол бойында 18 жастағы қыз суицид жасамақ болды

Жаңалықтар
view 265
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Талғар қаласында тағы бір жантүршігерлік оқиға болды. Жол бойынан суицид жасамақ болған 18 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды  janabastau.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бүгін 23 қазанда Тұздыбастау ауылының маңында болған. Қыз бала жолда тұрып, артынша құлап түскен. Мұны көрген тұрғындар оны тез арада жолдың бойынан алып кеткен.
 

"103 бригадасына бірден хабарласып, олар сағат 09.00 шамасында келді. Зорланып, соққы жеген қыз бала суицид жасамақ болған екен. Одан бөлек денесі тілініп кеткен", - дейді қызға көмекке келген тұрғындардың бірі. 

Әйел адамның сөзінше, ол 102 мен 103-ке хабарласқанымен олардың ешқайсы тез арада келмеген. Оларға қарағанда қыздың анасы, құрбысы мен атасы тез келген. 

Облыстық Полиция департаментіндегілер бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Бұл дерек Талғар аудандық полиция басқармасында тіркеліпті. 

"Қыз бала соққы жеп, зорланғанын жоққа шығарып отыр және арыз жазудан бас тартты. Полиция оған қарамастан қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу іс шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы Талғар қаласында төтенше жағдай болғанын, адам зорлады деген күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткенін жазған едік. 

Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр. Көршілерінің сөзінше, 26 жастағы ер адам кәмелетке толмаған туыс қарындасын зорлағаны үшіні ұсталған. 

Түнде қала бойынша блокбекеттер қойылып, күндіз олар алынып тасталды. Ер адам темір торға түсер алдында Тереңқара ауылында тұрған екен. Оның үйін полицейлер бақылауға алды. Туыстары журналистермен сөйлеспей қойған. 

Күдікті ер адамның көршілерінің сөзінше, ол бұған дейін де жауапқа тартылған. Кейіннен анасымен бірге тұрған. Бір жылдары анасы 8-сыныпта оқитын немере қызын асырап алған. Ер адам сол қызды зорлаған. Бұл туралы алғаш болып мектеп мұғалімдері білген. 

"Ер адам қызды зорлағаны туралы мұғалімдері анасына айтып берген. Оқиға жазғы каникул кезінде болған. Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған екен", - дейді тұрғындардың бірі. 

Тергеу изоляторының жан-жағында камералар тұр. Бақылау-өткізу аймағында кезекшілер отыр. Алайда күдікті тергеу изоляторынан күдікті қалай қашып кеткенін ешкім түсіндіре алмаған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *