Жаңа петиция: Уақытты 2 сағат алға жылжыту ұсынылды

Жаңалықтар
view 346
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Петиция авторлары уақытты 2 сағатқа алға жылжытуды сұрап отыр, деп хабарлады  janabastau.kz.

«Қазақстанның орталық және шығыс бөлігінде, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында электр энергиясын үнемдеу үшін уақытты 2 сағатқа алға жылжытуды талап етеміз», - делінген петиция мәтінінде

Айтуларынша, қарашадан ақпанға дейін сағат тілін алға жылжыту күндізгі жарықты көбірек пайдалануға мүмкіндік береді және кешкі уақытта энергия жүйесіне түсетін жүктемені азайтады.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында қазір 16:20-да қараңғы түссе, қыста 15:20-да қараңғы болады, дейді олар.

Петиция энергетика министрлігіне бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *