Талғарда тағы да сұмдық оқиға: Ер адам туған қызын 16 рет пышақтап өлтірген

Жаңалықтар
view 156
news

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Алматы облысында ер адам туған қызын 16 рет пышақтап өлтіргені туралы сұмдық ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Түнімен далада жүрген»: Астанада мәйіті табылған оқушы қыз туралы тың дерек шықты

Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі өзеннен табылды

Полиция не дейді

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға 10 қарашада болған. Ер адам мас күйінде туған қызына 16 пышақ жарақатын салғаны айтылады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер мас күйдегі күдіктіні оқиға орнында ұстаған.

Кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталды. Полицияға 15 жастағы студенттің сүйегі табылғаны туралы хабарлама отбасының туысынан келді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мас күйдегі күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, үйден қылмыс құралы тәркіленді, - деп жазылған жауапта.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп мәлімдеді ПД.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *