«Түнімен далада жүрген»: Астанада мәйіті табылған оқушы қыз туралы тың дерек шықты

Жаңалықтар
view 317
news

Фото: Lider.kz

Астанада таңертең Есіл өзенінен мәйіті табылған оқушы қыздың түні бойы далада жүргені белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға таңғы 06.30-да болған

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға бүгін таңғы 06:30-да болғанын мәлімдеді.

«112» пультіне ПД ЖБО  Сарыарқа ауданында «Серуен» көпірінен Есіл өзеніне адам секіргені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 07:02-де 2011 жылғы қыз баланың денесін судан алып шықты, – делінген ТЖД хабарламасында.

Бұған дейін...

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 24 қараша күні сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны хабарланған болатын. Кейін Астанада өзеннен жоғалған мектеп оқушысының денесі табылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *