Тарихи құжаттарды қалпына келтіру тәжірибесі Ғылым ордасында көрсетілді

Жаңалықтар
view 57
news

Фотосурет: дереккөз

2026 жылғы 27 наурызда Ғылым ордасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар аясында еліміздің тарихи жәдігерлерін сақтау ісін жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей шеберлік сабақтары өткізілді. 

Іс-шараның басты мақсаты — тарихи құнды жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және реставрация бағытындағы озық технологияларды таныстыру болды.

Семинардың екінші күні ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-тан астам маман — реставраторлар, кітапханашылар, архив және музей қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада «Ғылым ордасы» Реставрация және консервация орталығының мамандары Сұлтанмұрат Амирдин «Шығыстық балық қабыршағы капталын тігу»; Амина Бақберген «Адгезивті қағазды құрғақ белсендендіру әдісі»; Сырым Ботабеков «Клапаны бар дәстүрлі шығыс түптеуін дайындау» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабақтары барысында қатысушылар тек бақылап қана қоймай, реставрациялық материалдармен тікелей жұмыс істеп, кәсіби шеберліктерін шыңдады. Өңірлерден келген мамандар теориялық білімді практикамен ұштастырудың маңыздылығын жоғары бағалап, алған дағдыларын өз мекемелерінде қолдануға ниетті екендерін білдірді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл іс-шара Қазақстандағы реставрация саласының кәсіби деңгейін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *