«Таза жүретін жігіт»: Жеңіс Ысқақова әріптесін ұрған Мұқасан Шахзадаевты ақтап жатыр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 242
news

Фото: видеодан скрин

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова Stan.kz YouTube-арнасына берген сұхбатында «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі, жас әнші Ғалымжан Сүлейменді аяусыз ұрған Мұқасан Шахзадаев туралы пікір білдірді, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Үстінен іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев түк болмағандай концертте ән айтып жүр (ВИДЕО)

Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды деген ақпарат тарады

Әнші Мұқасан Шахзадаев жас әріптесін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

«Біреуге қол көтергенін көрмедім»

Ол өз сұхбатында үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасанды ақтап шықты.

Әртіс те адам. Кейде көшеде әншіден басқа ешкім төбелеспейтіндей әсер қалдырады. Біреу сүрініп кетсе, соны да шу қылады. Мұқасанға келсек, ол эстраданың серісі, әрдайым жинақы, таза жүретін жігіт. Бұрын оның біреуге қол көтергенін көрмедім. Кез келген оқиғаның екі жағы бар. Бұл жағдайдың өнерге қатысы жоқ, біз білмейтін басқа себептері болуы мүмкін, дейді ол.

«Олардың мақсаты – қаралым»

Жеңіс Ысқақованың пікірінше, қос әнші мұндай мәселелерді өзара шешуі керек еді. Алайда кейбір желі қолданушылары оқиғаны хайпқа айналдырып, жалған ақпарат таратып жүр.

Олардың мақсаты қаралым. Мұқасанның тағдыры да, екінші тараптың жағдайы да олар үшін маңызды емес. Әншілердің де отбасы, ата-анасы, бала-шағасы бар. Олар біреудің контенті үшін қуыршақ емес. Егер кінәсі болса, заң алдында жауап береді. Бұған дейін Жұбаныш Жексенұлына қатысты да осындай жағдай болды. Үлкен, елге сыйлы азаматты жұрт алдында қаралаудың қажеті бар ма? Өнер адамдарының тағдырын хайпқа айналдыруды тоқтату керек, деп түйіндеді әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *