Терең тамыры бар өлке

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшының бес жылдық мерейтойы – тек әкімшілік мәртебенің мерекесі емес, Арқаның көне тарихы мен бүгінгі тынысын жалғаған өңірдің жаңа белесі.

Қосшының айналасындағы әр төбе, әр қоныс – халқымыздың бірнеше мың жылдық тарихының куәсі. Солардың ішінде Тайтөбенің орны ерекше. Мен талай жылдан бері Тайтөбенің тарихын зерттеп келемін.

Бұл жер – ежелгі Ақмоланың, сақ дәуірінен басталатын тарихи сабақтастықтың маңызды нүктесі. Өкінішке қарай, біз ұзақ уақыт бойы осы тарихи мұраға лайықты көңіл бөле алмадық.

Ендігі міндет – қаланы дамыту мен тарихи жадымызды сақтау ісін қатар алып жүру. Қосшының болашағы оның өткеніне деген құрметпен өлшенеді. Егер біз Тайтөбені, ежелгі қоныстар мен тарихи ескерткіштерді сақтай алсақ, онда кейінгі ұрпаққа тек әдемі қала емес, терең тамыры бар өлкені аманаттаймыз. Қосшының мерейтойы құтты болсын!

Қала өсіп, көркейе берсін. Бірақ оның дамуы туған жердің тарихи болмысын сақтаумен сабақтас болғанда ғана шынайы мәнге ие болады. Тайтөбе мен Ақмола тарихы – Қосшының да тарихы. Осы ақиқатты ұмытпасақ екен.

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,

тарихшы, өлкетанушы ғалым:

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *