Тоғыз тіл білетін павлодарлық оқушы Астанадан пәтер сатып алды
Фотосурет: ашық дереккөз
Павлодарлық мектеп оқушысы Айханым Оқасова өзінің ерекше қабілетінің арқасында 17 жасында елордадан пәтер сатып алды. Тоғыз тілді меңгерген полиглот қыз бұл жетістікке репетиторлық қызмет арқылы жеткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Айханым шет тілдерін 6-сыныптан бастап үйрене бастаған. Ең таңғаларлығы, ол тілдердің басым бөлігін өз бетінше меңгеріп шыққан. Бүгінде бойжеткен әлемнің түкпір-түкпіріндегі шәкірттеріне онлайн форматта сабақ береді.
Оның тіл үйрену әдістері де ерекше:
- орыс және қазақ тіліндегі мақалаларды аудару;
- араб тілінен корей тіліне, қытай тілінен ағылшын тіліне тікелей аударма жасау;
- әлеуметтік желі арқылы шетелдік достар тауып, сөйлесу арқылы тәжірибе жинау.
Мен материалдарды бір тілден екінші тілге аудару арқылы машықтандым. Мысалы, қытай тіліндегі мәтінді бірден ағылшыншаға аудардым, - дейді Айханым Оқасова.
Мектепте оқып жүріп кәсіп бастаған оқушы қаржы сауаттылығын жақсы меңгерген. Нәтижесінде ол ешкімнің көмегінсіз Астана қаласынан жеке пәтер сатып алды.
Оның алдағы жоспарлары ауқымды. Әлемнің беделді университетіне оқуға түсуді, саяхаттап, жаңа мәдениеттермен танысуды және тіл үйрету әдістемесін әрі қарай дамытуды көздейді.
Пікірлер (0)