Жайылымы тарылған 60 мыңнан аса ақбөкен Қызылорда елді мекендеріне жақын жүр
Фотосурет: wikimedia
Әлеуметтік желілерге ақбөкендердің Қызылорда облысы, Арал қаласы маңында емін-еркін жайылып жүргені туралы бейнелер тарап жатыр. Қар құрсауындағы Сахарада қорек таба алмаған ақбөкеннің алыс-жақын ауылға, тіпті қала шетіне қарай бет алуы заңдылық та сияқты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір Қызылорда облысы аумағына 60 мыңнан аса киік шоғырланса, оның 35 мыңға жуығы Арал ауданының шекарасында жүр.
Мамандардың айтуынша, ақбөкеннің елді мекенге жақын жүруіне далалық аумақтарда қоректің азаюымен қатар, табиғи көші-қон жолында кедергінің көбеюі себеп.
Арал ауданында тұрақтап қалуының себебі – «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы төменгі бөлігінің сыммен қоршалғанынан. Біз желтоқсан айынан бастап теміржол мекемелерінен рұқсат алып, біраз жолды аштық, – деді «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов.
Биылдың өзінде инспекторлар 12 бас ақбөкен аталығының өлексесін тауып, залалсыздандырған.
Киіктердің өлім-жітімі – табиғи үдеріс. Жасы келгендері әрі қыстан шыға алмайтын ауру-сырқаулары қыстыгүні өледі. Қайта былтырғыға қарағанда биыл киіктердің өлімі көп тіркеліп жатқан жоқ, – деді Расул Маханов.
Пікірлер (0)