Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді

Саясат
view 139
news

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды janabastau.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоанының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген Жарлықта. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі ауысқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *