Трамп Тоқаевты АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырды

Жаңалықтар
view 117
news

Фото: Ақорда

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 2026 жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін таңертең мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тамаша телефон әңгімесін өткіздім. Біз қазіргі қақтығыстарда бейбітшілікті орнатудың маңызын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыладық. Екі елмен де қарым-қатынасымыз өте әсерлі. АҚШ келесі жылы G20 саммитін қабылдайды және біз бұл аса маңызды іс-шараға Майамиде қонақ ретінде қосылу үшін осы көшбасшылардың екеуін де шақырамыз, – деп жазды Трамп.

G20 – құрамына 19 мемлекет, Еуропалық одақ және Африкалық одақ кіретін үкіметаралық форум.

Саммит отырыстарына, сондай-ақ, БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Олар жаһандық экономиканың негізгі мәселелерін шешумен айналысады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *