Түркістан облысында 12 адамның өмірін жалмаған алапат өрттің неден шыққаны айтылды
Фото: видеодан скрин
Түркістан облысында 12 адамның, оның ішінде 9 баланың өмірін қиған өртке қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қош келдің, 31-қысым!»: Өрттен қаза тапқан келіншектің соңғы ВИДЕОСЫ
«Қылмыстық құрам жоқ»: Бозымбаев 12 адам қаза тапқан өрт жайлы айтты
Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
Құтқару қызметі өрттің нақты неден тұтанғанын әлі анықтап жатқанымен, алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға ақауы бар электрлі ұзартқыш (удлинитель) себеп болуы мүмкін.
ТЖМ өкілдері барлық сала мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Үкімет пен облыс басшылығына қажетті барлық көмекті көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының нұсқауымен Алғабас ауылындағы қайғылы оқиғаның себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
Жетісайда болған алапат өрт: тірі қалғандарды қандай дәрежеде күйік шалған
Алдын ала мәлімет бойынша, қасақана өртеу белгілері жоқ.
Қаза тапқандардың туыстарына тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аталған факті бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК 292-бабы, 3-бөлігі).
Пікірлер (0)