Түркістанда айыппұлға наразы жігіттер бақылау камераларын тас-талқан етіп сындырған

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: polisia.kz

Түркістанда жол ережесін бұзғаны үшін келетін айыппұлдарға наразы болған екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қаладағы бейнебақылау камераларын қасақана зақымдап, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға Түркістан қаласының көшелерінің бірінде болған. Белгісіз екі адам төрт бірдей бейнебақылау камерасын істен шығарып, жалпы құны 700 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық түнгі сағат 01:00 шамасында жасалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында екі жас жігіт бетперде киіп, қылмысқа алдын ала дайындалғаны анықталды.  Олар ұзын таяқтың көмегімен қымбат тұратын құрылғыларды ұрып сындырған. Тәртіп сақшылары көршілес камералардың жазбасын зерттеп, күдіктілердің жүрген бағытын анықтады.

Ұсталған азаматтар өз кінәсін толық мойындады. Олардың айтуынша, бұзақылыққа баруға жол ережесін бұзғаны үшін жиналып қалған көп мөлшердегі айыппұлдар себеп болған. Осылайша олар «кек алмақ» болған көрінеді.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *