Ұлттық құраманың футболдағы жаңа жейдесі көрсетілді

Спорт
view 247
news

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа киім үлгісі таныстырылды, деп хабарлайды janabastau.kz. Жаңа форма Еуропа футбол қауымдастығының қолдауымен арнайы бағдарлама аясында тігілді. УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасында келісім былтыр жасалған. Жаңа жейде көк, сары және қара түсті болып бөлінген. Сары жейде елдегі матчта киіледі, көк сырт алаңдағы ойындарға арналған. Қара түсті жейде қосымша ретінде тігілген. Жаңа форманың дизайнын отандық компания жасаған. Шетелдік мамандар да киім тігу ісіне араласыпты. Қазақ халқының болмысын бейнелейтін ұлттық белгілерді таңдауда жанкүйерлердің пікірі ескерілген, - дейді мамандар. Жаңа жейденің дизайны көпшіліктің дауыс беруімен анықталды. Қазақстан құрамасының футболшылары су жаңа форманы маусым айында киеді. Ұлттық құрама құрлық біріншілігіне іріктеу турнирі аясында Сан-Марино және Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Жаңа формамен Қазақстанның ойыны да жақсарады деген сенімдеміз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *