Жаңа қала – жаңа ән: Қосшы сазгерлерін іздейді

Қосшы жаңалықтары
view 141
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Елорданың іргесіндегі Қосшы қаласы биыл төртінші жылын атап өтеді. Осыған орай «Қосшы – менің жыр әнім» атты облыстық композиторлар байқауы жарияланып отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Байқаудың мақсаты:

✓  Қаланың тарихы мен ажарын ән қанатында дәріптеу. 

Қосшыны жаңа әндер арқылы насихаттау. 

✓  Жаңа есімдерді ашып, сазгерлік өнерді қолдау. 

Кім қатыса алады?

Ақмола облысының қала-аудан сазгерлері. 

✓  Әнді автордың өзі немесе таңдаулы әнші орындай алады. 

✓  Ән – Қосшыға арналып, бұрын еш жерде орындалмаған тың шығарма болуы тиіс. 

Құжаттар:

✓  Жеке куәлік көшірмесі (PDF)

✓  Шығармашылық мінездеме

✓  Ән мәтіні мен нотасы (қағаз және электронды түрде)

13х18 көлемдегі фотосурет

✓  Банк есепшотының 20 сандық нөмірі

Қайда тапсыру керек?

✓  Құжаттар 2025 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады

✓  Электронды пошта: qosshy2018@mail.ru

✓  Мерзімнен кеш тапсырылған өтінім қабылданбайды

Жүлде қоры:

Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын – қаржылай сыйлық

Арнайы номинациялар: «Ең үздік сазгер», «Ең үздік орындаушы», «Ең үздік мәтін авторы»

Жеңімпаздар Гала-концертте марапатталады

Байланыс:

Сейтмұратов Нұрболат Сейтқалиұлы — 8 702 906 52 22

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *