Құқық қорғау органдарының ашықтығы мен адалдығы – қоғам сенімінің кепілі
Фото автордан
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Заң және тәртіп» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби оқыту институтының директоры Марат Шайхсламұлы Абдрахманов Қосшы қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, комьюнити-орталықта маңызды қоғамдық іс-шара – «Адалдық күнін» өткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігін нығайту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Марат Шайхсламұлы Абдрахманов өз сөзінде құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен тазалығының әрбір азамат үшін аса маңызды екенін атап өтті. Елдің әрбір өңірінде заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы тікелей құқық қорғау жүйесінде еңбек ететін қызметкерлердің кәсібилігіне, адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосады. Олардың қызметі тек кәсіби шеберлікпен ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық-этикалық ұстанымдарға негізделуі тиіс.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына әрбір Жолдауында құқық қорғау жүйесінің кадрлық құрамының сапасын арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Бұл мәселе Академияның басты міндеттерінің бірі болып табылады, яғни өз ісіне адал, мемлекет пен қоғам мүддесіне берік кадрларды тәрбиелеу, оқыту және қалыптастыру.
Іс-шара барысында айтылған ұсыныстар мен тілектер, сондай-ақ болашақ құқық қорғау қызметкерінің бейнесіне қатысты ойлар Академияның білім беру үдерісінде міндетті түрде ескерілетін болады. Бұл пікірлер құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)