«Жансақтау бөлімінде жаттым»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жағдайымен бөлісті

Жаңалықтар
view 446
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева кесар тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

Өнер иесінің әйелі тілектер жазып жатқан оқырмандарына алғысын білдіріп, қазіргі жағдайымен бөлісті.

“Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы”, – деді Мархабат. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *