Зейнетақы жинағын енді «ипотеканы» жеңілдету үшін пайдалануға болады
Фото: egemen.kz
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге, ай сайынғы төлемді азайтуға және кредит мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұйрық жобасын әзірлеген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жалақы мен зейнетақы: Зейнеткерлер неге жұмысын жалғастырғысы келеді
БЖЗҚ зейнетақы жүйесін жаңартуды ұсынды: не өзгереді?
Министрлік қазақстандықтардың банктер алдындағы борыш жүктемесін азайту үшін зейнетақы жинағының артылған бөлігін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге не ай сайынғы төлемді азайтуға не несие мерзімін қысқартуға пайдалануды ұсынып отыр.
Сондай-ақ жаңа Салық кодексіне байланысты жеке тұлғалар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босатылмақ.
Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда 993 мың теңге зейнетақыны кім алып отыр? – БЖЗҚ мәліметі
Пікірлер (0)