Жаһан және жемқорлық
Экономика
548
АҚШ-та жыл сайын 3 триллионнан астам доллар жымқырылады. Бұл үкіметті әлсіретіп, демократия мен адам құқығына нұқсан келтіреді. 1977 жылы АҚШ-та халықаралық іс-әрекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы федералды заң қабылданған. Содан бері АҚШ жемқорлықпен күресіп келеді.
Әлемнің 180 елі бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін өлшейтін арнайы индекс бар. Соңғы 10 жылдықта АҚШ ең төменгі рейтинг көрсеткіші бойынша 20 елдің қатарында болды. Бұл мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық деңгейі жеткілікті төмен деген сөз. Бірақ 2021 жылғы көрсеткішке сәйкес бұл көрсеткіш күрт өзгерді. АҚШ-тың жемқорлық көрсеткіші 40 пайызға артқан. Дүрбелеңге салынған мамандар жеке бағдарлама жасап, жедел іске көшкен болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі жасалып жатқан шараларға қарамастан, оң нәтижесін берер емес. АҚШ-тағы тәуелсіз агенттіктің 2020 жылы жүргізген әлеуметтік сауалнамасының нәтижесі бойынша АҚШ азаматтарының 76%-ы саясаткерлердің жемқор екеніне сенімді. Сыбайлас жемқорлықтың қарқынды дамып тұрған бірден бір саласы – сот. АҚШ-тағы сот жүйесі ең қатаң жүйе болса да, соңғы 2 жылда бірнеше судьяға байланысты сыбайлас жемқорлық туралы айып тағылған. Соттағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты ең ірі істердің бірі Пенсильваниядағы визаларды ресімдеу кезінде тіркелген. АҚШ-тың арнайы комитеті 2 судьяның кінәлі деп танып, 4000-нан астам істі қайта қарауға жіберген. Судьялар азаматтардан әр іс үшін 2 миллион доллар қаражат алған. АҚШ-та медицинаның дамуы қарқыны тұралап тұр. Көптеген елдермен салыстырар болсақ, АҚШ медицинасы әлдеқайда төмен. Қарапайым дәрі-дәрмектерді жеткізу барысында да үлкен пара ұсынылады. Емделу үшін де пара беріледі. Ал пара алынбады деген күннің өзінде, АҚШ-та емделу өте қымбатқа шығып, нормалардан асып кетеді. Демек, жасырын жемқорлықтың лебі бұл жерден де еседі деген сөз. Бұл салаға қатысты тағы бір мәселе – трансплантацияға кезекте тұрған науқастарды жылжыту. Жыл сайын АҚШ-та мыңдаған адам ағзаларды трансплантациялауды күтуде. Жемқорлық бұл саланы да түп-табырымен басып алған. Әскери саладағы сыбайлас жемқорлық та өршіп тұр. АҚШ-та әскери саланың дамуы әрқашан бірінші орында тұратындықтан, бюджеттің ауқымды бөлігі бөлінеді. Елдің әскери бөлімі бірнеше рет миллиардтаған долларларды «жоғалтты. Тіпті, басқа елдерге көмек көрсетуге бөлінген $14 млрд-та жымқырылған. АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң ескірген. Осы уақытқа дейін мамандар 1995-2000 жылдары құрылған базаға сүйеніп келеді. Тіпті, кейбір заңдар 1975-1985 жылдарда еңгізілген. Байден басшылыққа келгеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандырамын, жемқорлықты жоятын актлерді жаңартамын, қатаң жазалар еңгіземін деп уәде етті. Жаңа Германия империясын құрған, ең ықпалды саясаткер Отто фон Бисмарктың «Егер мектеп жасынан балаларға отансүйгіштік пен адалдық жайлы үйретпесеңіз, түрмені көп мөлшерде сала беріңіз» деген сөзі бар. Жемқорлықтың да түп-тамыры осы сөзде жатқандай.
Егер сіз менің сөзіме сенетін болсаңыз, сізге қызықты факт айтайын. «Жемқорлық» деген сөзден ада меклеттер бар. Ол елдерде «пара алыпты», «салаға бөлінген мынанша ақша жымқырылыпты» деген тіркестер өте аз қолданылады. «Transparency International» зерттеу орталығының тұжырымдамасы бойынша жемқорлық деңгейі төмен 10 елді ұсынамыз.
Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен 10 ел
- Нидерландия (82 балл)
- Люксембург (82,5 балл)
- Канада (83 балл)
- Швеция (84 балл)
- Сингапур (84,5 балл)
- Швейцария (85 балл)
- Норвегия (85,2 балл)
- Финляндия (85,5 балл)
- Дания (88 балл)
- Жаңа Зеландия (89 балл).
- Сомали
- Оңтүстік Судан
- Сирия
- Йемен
- Венесуэла
- Судан
- Ауғаныстан
- Солтүстік Корея
- Ливия
- Түркіменстан
Гулбаржан АВУТАЛИВ,
Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық
мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешісі
Пікірлер (0)