ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ КАЛИФОРНИЯ ШТАТЫНДА ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІН ҚОРҒАЙДЫ

Спорт
view 171
news

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 13 мамырда шаршы алаңға шығады. Бұл жөнінде Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады. Жекпе-жек кеші АҚШ-тың Калифорния шататында, нақытрақ айтсақ, Стоктон қаласында өтеді. Жәнібек бұл жолы канадалық Стивен Батлермен жолығады. Стивен Батлер 27 жаста және бүгінге дейін 36 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның 32-ісінде жеңіске жеткен. Жәнібектің көрсеткіші – 13 жекп-жек, 13 жеңіс. Осының арқасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақ чемпионы атанды. Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде британдық Дензель Бентлиді жеңіп, белдікке лайық екенін дәлелдеді. Жәнібек тура 1 ай бұрын америкаға аттанған болатын. Қазір кешенді жаттығу өткізіп, физикалық шеберлігін шыңдап жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *