20 жастағы жігіт анасының басын кесіп алған

Жаңалықтар
view 303
news

Фото: РФ ІІМ

Ресейдің Екатеринбург қаласында 20 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде анасының басын кесіп алған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеу дерегінше, ана мен баланың арасында жұмыс пен тұрмыстық мәселелерге байланысты жиі келіспеушіліктер болған. Жігіт анасының денесін орманға апарып тастаған, ал басын басқа жерге жасырған. Ол бұған дейін жиі жылқы сойып жүргендіктен, қылмыс жасау аса ауыр болмағанын жеткізген. 

Күдікті оқиға орнында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазір Ресейдің Тергеу комитеті қасақана адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Атырау облысында қызғаныштың жетегінде жүрген 61 жастағы тұрғын әйелін атып өлтіргенін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *