Карта мен смартфон қажет емес: Kaspi алақанмен төлем жасау жүйесіне көшіп жатыр
Жаңалықтар
113
Фото: FINANCE.KZ
Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе жаңа Kaspi Alaqan функциясын — карта мен телефонсыз, қол арқылы төлем жасау жүйесін таныстырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жаңашылдықтың жұмысын көрсету үшін ол сахнаға UFC жауынгері Шавкат Рахмоновты шақырды. Спортшы көпшіліктің көз алдында қолымен төлем жасап, қол массажерін сатып алды. Михаил Ломтадзенің айтуынша, бұл — символдық сыйлық. Құрылғының бағасы 42 900 теңге, бірақ жеңілдікпен 99 теңге болды.
Смартфонды қалтадан шығарғаннан да жылдам, — деп атап өтті Михаил Ломтадзе.
Пікірлер (0)