«Ағаларым үйге кіргізбей жатыр»: күйеуінен ажырасып келген келіншек қайда тұрарын білмей жүр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 2066
news

Сурет: Видеодан скрин

Күйеуімен ажырасып ата-анасының үйіне қайтып келген жас келіншек ағаларының қорлап жатқанын айтып, жылады, деп хабарлайды janabastau.kz 

Бұл туралы видеоны заңгер Ләззат Рақышева өзінің парақшасында бөлісті. Келіншектің айтуынша, ажырасып келген оны ағалары үйге кіргізбей жатыр екен.

«Қазір әке-шешемнің үйіндемін. Анам қанша жерден қолдағанымен, ағаларым үйге кіргізбей жатыр. «Кешке дейін үйді босат, көзіме көрінбеңдер» деп жатыр. Сіздер халық болып мені қолдап жатырсыздар. Ал мені туған-туысқандарым мені қолдамайды. Мен үшін өте ауыр. Ағаларымды түсіне алмаймын. Өздері қатындарын ұрады. «Өлгенің жақсы еді, қайтып келіп позор қылғанша» дейді. Жақын адамның қолдауы жоқ болғаны маған қиын», - дейді видеода жылап тұрып келіншек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *